about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Ақпарат Шымкент қаласында 2021 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарына тіркеу науқаны бойынша

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің бекітілген бұйрықтары орындау мақсатында 2020 жылдын 15 қыркүйек пен 15 қараша  айлары аралығында 2021 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарына тіркелу науқаны жұргізілді.

24, Қараша

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің бекітілген бұйрықтары орындау мақсатында 2020 жылдын 15 қыркүйек пен 15 қараша  айлары аралығында 2021 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарына тіркелу науқаны жұргізілді.

«Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүесінін мәліметіне сәйкес 15 қыркүйекке тіркеу науқанын басындағы халық саны 1 066 366 адам болған,  тіркеу науқанына 42 БМСАК ұйымдары қатысты, оның ішінде 3 жаңа өнім беруші. «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүесінін мәліметі бойынша Шымкент қаласынын тіркелген халық саны 16 қараша 2020 жылға 1 075 032 адам.

Емханаларға тіркеуге өтініш бергендер саны 10713 адамды құрады, оның ішінде дербес (өз бетінше) өтініш бергендер саны – 7026 (65%), веб-портал арқылы “электрондық үкімет” (бұдан әрі – ЭҮП) – 3687 (35%).

ҚР ДСӘДМ 28 сәуір 2015 жылғы № 281 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес “МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту” тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеу мынадай санаттағын азаматтар бере алады:

1) зейнеткерлер;

2) мүгедектер;

3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);

4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);

5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;

6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;

7) шет мемлекеттерде туған балалар;

8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;

9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.

МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары “Бекітілген халық тіркелімі” медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

2) МСАК ұйымын еркін таңдау;

3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет көрсету;

5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.

МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік  – халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, (республикалық маңызы бар қаладағы аудандық) әкімшілік-аумақтық сақтай отырып, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне 20 минуттық қадамдық қолжетімділгі ескерілуі тиіс.

Аумақтық қағидаттың негізінде учаскеге мамандарды бекіте отырып, МСАК учаскесі құрылады.

Бекітілген тұрғындар саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас тұрғындар, учаскелік терапевт 2200 адам, учаскелік педиатр 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан аспауы кажет.

Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.

Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады – деп атап өтті ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалынын бөлім басшысы Беден Ахмет Сисенбайулы.

Байланыстар

«Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, проспект Жибек Жолы 13

shigb@mail.ru

phone icon 1415
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 49-00-77
Медициналық мекеменің байланыс орталығы