
«Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының географиялық орналасуына байланысты қарапайым және аса қауіпті жұқпалы аурулардың сақталуы мен таралуының көзі болып табылады.
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсекке арналған: 165төсек орын ересек науқастарға және 195 төсек орын балаларға, оның ішінде 12 төсек жансақтау бөлімшесіне арналған.
Аурухана 1986 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін коронавирустық, АИТВ, менингококкты инфекцияға,аса қауіпті жұқпалы ауруларға және басқа да жұқпалы ауруларды қоса алғанда ересектер мен балаларға тәуілік бойы стационарлық ,жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Covid-19 пандемиясына байланысты 2020 жылғы 14 маусымда КОРОНАВИРУСТЫҚ инфекциямен ауыратын науқастар үшін 200 төсекке есептелген қалалық инфекциялық орталық ашылды. Екі аурухананы біріктіру нәтижесінде аурухананың қуаттылығы артты.
Аурухана шұғыл госпитализация режимінде жұмыс істейді. Функционалдық және сәулелік диагностика бөлімшесі КТ, УДЗ және заманауи,цифрлық құрылғылармен толық жабдықталған және қуатты клиникалық диагностикалық зертханалық база, оның ішінде бактериологиялық зертхана, ИФА, ПТР-диагностика, инфекциялық аурулардың этиологиясын, оның ішінде КВИ, гепатиттер, құрсақішілік инфекцияларды уақтылы диагностикалауға мүмкіндік береді.
Байланыстар
«Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚКМекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, проспект Жибек Жолы 13
shigb@mail.ru

